Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@eitiedu.com
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Поиск:
Тип сортировки:
Сначала новые
Сначала старые
Студенттерді құттықтаймыз !!!
2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ақпарат
Ак. Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде студенттер үшін оқу процесін ұйымдастырылуы туралы шешім қабылдады: 1.І курс студенттері аралас форматта оқытылады 2.Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру бойынша ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдарына сәйкес дайындық бағыттарына байланысты ІІ және ІІІ курс студенттері қашықтықтан немесе аралас форматта оқуды жалғастырады. 3.Академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға сәйкес қашықтықтан/аралас форматта ІҮ курс студенттерінің оқуы жүзеге асырылады (дипломалды және кәсіби практикаларды ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу). Институт әкімшілігінің екінші семестрде оқу процесін ұйымдастыру барысында түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар кездесулері қарастырылған. Кездесулер туралы мәліметтерді студенттер ҚОТ жүйесінің таратылымдарында және Instagram парақшасында алады.
Мемлекеттік білім беру гранттарын міндетті түрде пысықтау
Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті қандай нормативтік құқықтық актілерде көзделген? Жауап: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеу міндеті жүктелген, оның ішінде: - квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқығандар ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында; - білім беру гранты негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша оқығандар мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында; - білім беру гранты негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алғандар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (2017 жылдан бастап ...
Олимпиаданың қорытындылары
13 қарашада Ак. Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты білім беру мекемесі қашықтық форматында қала бойынша мектептерде оқитын оқушылар арасында пәнаралық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға Екібастұз қаласының 10 және 11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиа қортындысы: Математика 1 орын-Арынова Әдемі КММ №16 ЖОББМ 10 сынып 2 орын - Баетова Әдемі КММ " №24 Мектеп-гимназиясы 11 "А" сынып 3 орын-Антюшко Кристина № 4 ЖОББМ КММ 11 " А " сынып Физика 1 орын - Сайлауханова Құралай КММ №2 ЖОББМ А.Құнанбаев атындағы мектеп 10«Ә» класс, Ракатова Дария КММ №2 ЖОББМ А.Құнанбаев атындағы мектеп 11 «Ә» сынып 3 орын- Нұржанова Айнагүл КММ №2 ЖОББМ А.Құнанбаев атындағы мектеп 11«Ә» сынып Информатика 1 орын-Избасаров Дарын КММ ЖОББМ Зерде 10 сынып 2 орын-Ахметов Расул КММ №2 ЖОББМ А.Құнанбаев атындағы 11 «Ә» сынып Қазақстан тарихы 1 место- Старков Юрий КММ №2 ЖОББМ №13 1...
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының ЖОО ішіндегі кезеңін өткізу
2020 жылдың 9-23 қараша аралығында институтте «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2020» байқауының ЖОО ішіндегі кезеңі өткізіледі. Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар, конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар қатыса алады. Конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңіне қатысу үшін үміткерлер 2020 жылдың 9 қарашасына дейін мынадай құжаттарды электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште береді: 1) Конкурс Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім; 2) Конкурс Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер; 3) Конкурс Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі; 4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы; 5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалардын мына жерден жүктеуге болады
Ак.Қ.Сәтбаев ЕИТИ "дені сау ұлт" Қоғамдық Қоры өткізетін онлайн адвайзер-көрмеге қатысты»
Ак.Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы қоғамдық қоры мемлекеттік мекемесінің "Дені сау ұлт" атты өткізген онлайн адвайзер-көрмесіне қатысты. Көрме Павлодар облысы мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналған "Менің таңдауым" фестивалі аясында аймақтағы өзекті және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру қызметін жандандыру мақсатында алғаш рет өткізілді. Біздің аймақтың ең танымал және сұранысқа ие мамандықтары, студенттер мен институт оқытушыларының жетістіктері туралы, сонымен қатар ак.Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ Атамекен рейтінгі бойынша түлектерді жұмысқа орналастырудан бірінші орында тұрғанын, институттың профессорлық- оқытушылар құрамының, оқитын студенттердің жетістіктері туралы, кәсіптік бағдарлау және студенттерді қабылдау орталығының жетекшісі Б. А. Умарова ақпарат берді.
"Қазіргі әлемдегі Еуропалық Одақтың рөлін қалай көремін"
"Электроэнергетика" білім беру бағдарламасының БЭЭ-21 тобының студенті Рамазан Илямбек 15 қыркүйектен 10 қазан аралығында өткен "Erasmus Days-2020”-ге орайластырылған "Қазіргі әлемдегі Еуропалық Одақтың рөлін қалай көремін" тақырыбында Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен байқауға қатысты.
Адалдық сағаты
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясын өткізуде. Қыркүйек айындағы кезекті «Адалдық сағаты» жаңа форматта ұсынылып отыр. Мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленіп, Youtube арнасының “Адалдық сағаты» бөлімдерінде орналастырылды. https://www.youtube.com/watch?v=B1Ut1GzT00E&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN - мемлекеттік тілде; https://www.youtube.com/watch?v=ypEkFGXK3fw&list=PLvN9UMfEpeulpwT1xaHAoDnV-WA18i0qg – ресми тілде.
Мемлекеттік білім беру гранттарын міндетті түрде пысықтау
Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті қандай нормативтік құқықтық актілерде көзделген? Жауап: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеу міндеті жүктелген, оның ішінде: - квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқығандар ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында; - білім беру гранты негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша оқығандар мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында; - білім беру гранты негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алғандар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (2017 жылдан бастап ...
01.04.2020 ж. әр бейсенбі сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін ЕИТИ ректораты қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша студенттер мен ПОҚ үшін ҚОТ жүйесінің online-вебинары режимінде кеңес сағат
Жазбалар